Пәтер иелері кооперативі МИБ құруға кедергі келтірсе не істеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәтер иелері кооперативінің басшылары тұрғындардың мүлік иелерінің бірлестігін құру ісіне кедергі келтіріп, тиісті құжаттарды уақытында өткізбесе не істеу керек. Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіковке осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пәтер иелері кооперативтері мүлік иелері бірлестігін құруға кедергі келтірген жағдайда тұрғын үй инспекциясына жүгінуге болады. Мұндай жайттар бірді-екілі ғана емес. Тұрғын үй инспекциясы мүлік иелері бірлестіктерімен бірдей тұрғындардың жиынын өткізуге бастама көтеруге құзыретті.

Ал қаржылық және атқару құжаттарын тапсыру мәселесін келсек, кондоминиум нысанындағы ортақ мүлікті күтіп ұстау ережелеріне өзгертулер енгізіліп, жаңа тармақ енгізілді», - деді акционерлік қоғамы өкілі.

Оның айтуынша, аталмыш тармақта қаржылық-техникалық құжаттаманы өткізудің тәртібі көрсетілген.

«МИБ құрылған күннен бастап 3 күннің ішінде бұрынғы басқару нысанына хабарлама берілуі керек. Бір жағынан тұрғын үй инспекциясын да құлағдар ету керек. Аталмыш хабарламаны алғаннан кейін бұрынғы басқару нысаны өкілетті қабылдау-өткізу актін толтырады. Пәтер иелері кооперативінің төрағасы қаржылық-техникалық құжаттарды акт бойынша өткізбесе, тұрғын үй инспекциясына жүгінуге болады. Ол орган бұрынғы басқару нысанын барлық қаржылық-техникалық құжаттарды беруге міндеттейтін ескерту хат береді. Тәртіптің бұл тармағы жұмыс істемесе, жаңа заңның 8-бабы бойынша МИБ сот органдарына жүгініп, талабын сот тәртібінде қоюға құқылы», - деді Нұрбек Серіков.


Соңғы жаңалықтар