Пәтер әперемін: Түркістан облысында алаяқ 13 млн теңгені қалтаға басқан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Кентау қалалық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғанын жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, танысы Кентау қаласынан пәтер алып беретінін айтып, 9 000 000 теңгесін алған. Содан пәтер де алып бермеген, ақшасын да қайтармаған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қылмыс кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Кентау ҚПБ полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа 3 алаяқтық жайтына қатысы бары анықталды.

Олардың әрқайсысынан «пәтер алып беремін» деп 1 500 000 мен 2 000 000 теңге алған.

Жалпы 13 000 000 теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар