Пасха - барша жұртты татуластырып, жақындастыратын шынайы халықтық мереке - С. Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы «Архистратиг Михаил приходы» православ шіркеуінде болып, ғибадатханаға жиналған жұртшылықты православие христиандарының басты діни мейрамдарының бірі - Пасха - мерекесімен құттықтады.

«Пасха барша жұртты татуластырып, жақындастыратын шынайы халықтық мереке. Ғасырлар бойы тойланып келе жатқан бұл мейрам адамдардың жандарын жадыратып қана қоймай, олардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, мейірімділікке тәрбиелейді. Бүгін осы қасиетті мереке күні баршаңызды тағы бір рет құттықтап өткім келеді», - деді С.Кулагин ғибадатханаға жиналғандарға.
Сонымен қатар, кездесуде аймақ басшысы Көкшетауда іргесі қаланып жатқан жаңа шіркеудің құрылыс жұмыстарының барысы туралы айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар