«Парыз» байқауына өтінім қабылдау басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сарапқа салатын жыл сайынғы «Парыз» Байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Шараны ұйымдастырушылар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Энергетика министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіподақтар федерациясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсқа өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде - өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі. Өңірлік және республикалық кезеңдерге қатысу тегін. Конкурс лауреаты атағына үміткерлер материалдарды рәсімдейді және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электронды түрде ұсынады.

«Парыз» байқауы туралы толық мәлімет алу үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе Еңбек инспекциясы басқармасына және 8 (7172) 74-35-11 телефоны арқылы Еңбек министрлігінің Әлеуметтік әріптестік басқармасына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар