ПАРТИЯНЫ ТІРКЕУ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕҢІЛДЕЙДІ. ТІРКЕУ ШЕГІ 20 МЫҢНАН 5 МЫҢ АДАМҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛЕДІ – ЖОЛДАУ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Ал өңірлердегі өкілдердің саны үш есеге азайтылып – 600-ден 200 адам болады. Партияны құру үшін бастамашыл топтағы азаматтар саны ең кемі 1000 адамнан 700-ге дейін азайтылады», - деді Мемлекет басшысы.

«Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Соңғы жаңалықтар