Партиялық емес байқаушылар сайлау учаскелерінде қалай жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпара - Партиялық емес байқау орталығының өкілдері алдағы әкім сайлауында заңбұзушылықтар анықтаса, қалай әрекет етеді? Бұл туралы ұйымның төрағасы Төлеген Кунадилов тсіүінктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің байқаушылар сайлау учаскесінде заң бұзушылықты анықтады делік. Ол бірден сайлау комитетінің төрағасын немесе оның хатшысын шақырып, қандай бұзушылық орын алғанын айтады. Ауызша ескертуден кейін бұзушылық жойылса, актіні толтырмауына болады. Ескертуескерусіз қалған жағдайда екі данамен акт толтырады. Бір данасы хаттамамен бірге тігу үшін учаскелік комиссия төрағасына беріледі. Ал екінші данасын штабқа беру үшін өзінде қалдырады. Заңбұзушылықты тіркеу кезінде дауыс беру үдесіріне кедергі келмеуі керек», - деп түсіндірді Төлеген Күнәділов.

Оның айтуынша, партиядан тыс байқаушылардың бәрінің сайлау процесінде қандай да бір тәжірибесі бар. Кейбірі тіпті Парламенті Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауына қатысқан.

«Әр сайлау сайын бақылаушылар саны артып келеді. Бұл азаматтардың құқықтары заңмен қорғалатынын білдіреді. Ең бастысы – азаматтардың ерік білдіруінің бұзылуына жол бермеу. Біз өз есептерімізді уәкілетті органдарға ұсынатын боламыз. Республика бойынша бізде 100-ге жуық ҮЕҰ серіктес бар, олар да бізге көмектесіп, байқауға қатысады. Біз байқаушыға ыңғайлы болу үшін блокнот жасадық, қажет болған жағдайда адамдар блокнотқа қарап, заңның қандай да бір нормаларын таба алады», - деді Төлеген Күнәділов.


Соңғы жаңалықтар