+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Партияларға  және сайлауларға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек - Президент

2019 жылғы 20 желтоқсан 12:55
Бөлісіңіз:
Партияларға  және сайлауларға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңіне өтетіндей дәрежеге жетті. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір саяси партияны тіркеу үшін оның кем дегенде 40 мың мүшесі болуы керек. Бұл норма ұзақ уақыттан бері сақталып келеді және өткен кезеңнің талабына сай болды. Енді жаңа саяси жағдайда бір жағынан азаматтардың талап-тілектеріне, екінші жағынан ықтимал тәуекелдерге лайықты үн қатуымыз қажет. Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңі өтетіндей дәрежеге жетті», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қ. Тоқаев тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге азайтуды ұсынды, яғни 20 мыңға дейін.

«Бұл айтарлықтай маңызды өзгеріс. Бұл азаматтық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік береді. Жалпы, біз партияларға және сайлауларға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек», - деді Президент.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT