Партияларды тіркеу шегін 5 мың адамға дейін төмендету керек - Тоқаев

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Партияларды тіркеу шегін 5 мың адамға дейін төмендету керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осындай бастама айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін 4 есеге – 20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды», -деді Президент.

Оның айтуына қарағанда, бұл - қабілетті саяси партиялардың пайда болуына мүмкіндік беретін қадам.

«құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар