+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Партиялар сайлау науқаны кезінде өздерін қалай көрсететіндері туралы айту қиын – Андрей Чеботарев

2020 жылғы 23 қазан 15:39
Бөлісіңіз:
Партиялар сайлау науқаны кезінде өздерін қалай көрсететіндері туралы айту қиын – Андрей Чеботарев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясынан басқа партиялар сайлау науқаны кезінде өздерін қалай көрсететіндері туралы айту қиын. Бұл туралы Қазақстанның парламенттік сайлау қарсаңындағы қоғамдық-саяси процестерін талқылауға арналған онлайн-конференцияда «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының жетекшісі Андрей Чеботарев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Онлайн байланыс арқылы сайлау науқанымен егжей-тегжейлі танысуға болады – Марат Башимов ЖСДП алдағы сайлауға қатыспайды Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады

«Барлық партия сайлаудың өтуіне дайын екендерін айтады, ал шын мәнінде қалай? Мысалы, «Ақжол» партиясына қатысты айтар болсақ, біз олардың депутаттық фракциясына ғана қатысты жұмыстарын және «Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтың сұхбаттарын ғана көріп жүрміз. Ол партияның аймақтық деңгейдегі жұмыстарын айтарлықтай көріп жүрген жоқпыз. Осындай себептерге байланысты «Nur Otan» партиясынан басқа партиялар сайлау науқаны кезінде өздерін қалай көрсететіндері туралы айту қиын. «Ақ жол» партиясы көбінесе шағын және орта бизнеске қатысты мәселелерді көтереді. Праймеризге өткендер ішінде де экономика мен бизнес саласының өкілдері бар, сондықтан бизнес саласындағылар және «Ақ жол» партиясына ғана дауыс береді деп айту қиын.», - дейді «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының жетекшісі Андрей Чеботарев

Оның айтуынша, Коммунистік халықтық партиясының фракциясы да, аймақтық құрылымы да жақсы жұмыс істеуде.

«Коммунистік халықтық партиясының rezonans.kz деп аталатын медиа жобасы да бар. Жалпы алғанда коммунизм сөзінің өзі күмәншілдік тудырғанмен, партияның өзі әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтеріп жүр. «Ауыл» партиясы экономиканың аграрлық секторына қатысты жұмыстар атқаруда, бірақ ол партияның жұмыстары аймақтарда қалай атқарылып жатқанын көріп отырған жоқпыз. Ал «жалпыұлттық социал-демократиялық партия» – еліміздегі жалғыз оппозициялық партия, бірақ оның атқарып жатқан жұмыстары да аса білініп жатқан жоқ. партиялардың сайлауға дайындығы осындай деңгейде», - дейді ол.

Шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырды.

Еске сала кетсек, 21 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындау туралы үндеу жасаған болатын. Сайлауы қарсаңындағы жаңа ақпараттық және саяси жағдай жан-жақты сараптамалық талқылауды талап етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT