Партиялар әр өңірге лайықты бағдарлама жасады – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Партиялар ауыл-аймақтағы мәселелерді ескеріп, оларды өңірлік, республикалық бағдарламаларына енгізді.

Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында tarlan.kz интернет сайтының бас редакторы, саясаттанушы Нұрғали Нартай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлаушылардың белсенділігі ауылда байқалып отыр. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қарағанда ауыл-аймақ тұрғындары белсенді дауыс берген. Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы 70%-ға дейін дауыс беріпті», - дейді tarlan.kz интернет сайтының бас редакторы, саясаттанушы Нұрғали Нартай.

Оның айтуынша, бұл сайлаудың ерекшелігі – партиялардың әр өңірге лайықтап бағдарлама жасауы.

«Әр өңірдегі халыққа танымал тұлғалар, қоғам белсенділері суырылып шығып, партияларға қосылып, өңірдегі негізгі қордаланған мәселелерді ашық айтты. Осылайша аудан, ауылдағы мәселелерді күн тәртібіне шығара білді. Ол мәселелер ескеріліп, партиялар өңірлік, республикалық бағдарламаларына енгізіп жатыр», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңыздылығы талқылайтынын жазған болатынбыз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар