Партиялар әлеуметтік желілерде қаншалықты белсенді – сарапшылар пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы саяси партиялар әлеуметтік желілерде қаншалықты белсенді? Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өткізген форумда сарапшылар осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау пандемия кезінде өтіп жатыр, тікелей кездесулердің форматы азайды. Демек партиялар әлеуметтік желілерде көбірек жұмыс жүргізуі керек еді. Жақында саяси партиялардың әлеуметтік желілеріне, атап айтқанда Facebook, Instagram, Telegram парақшаларының кестесін әзірледім. Мысалы, «Nur Otan» партиясының 228 мың (Instagram-да), Қазақстан Халық партиясының 5 мың жазылушысы бар. «Nur Otan» партиясының пост саны 4000, Халық партиясының 500-ден астам посты бар. Әлеуметтік желілердегі белсенділігі жағынан «Nur Otan», содан кейін «Ақ жол», одан соң «Ауыл», «Адал» және Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) тұр», - деді әлеуметтанушы Жұлдызай Ысқақова Sailau2021 сарапшылардың онлайн-форумында.

Сонымен бірге журналист әрі саясаттанушы Никита Шаталов та әлеуметтік желілердегі қызмет туралы өз пікірін білдіріп, елдегі сайлау науқанының цифрландыру деңгейін атап өтті.

«Қазақстандық әлеуметтік желілердің ерекшелігі - адамдар негізінен әлеуметтік желілерден бұрын мессенджерлерді пайдалануында. Кім whatsapp-пен жұмыс істеуді үйренсе, сол үлкен аудиторияға ие болады. Мысал келтірейін: Байденнің кампаниясы (Джо Байден - Құрама Штаттардың сайланған президенті) сұхбаттар, тікелей байланыстары бар қосымшаға негізделді. Сайлау науқаны кезінде біз мұндай цифрландыру деңгейін көрген емеспіз», - деп санайды Никита Шаталов.


Соңғы жаңалықтар