Партия құрмақ болған 2 бастамашы топ съездерін өткізбеді - министр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде үш бастамашы топ партия ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Оның үшеуі Парламентке өтіп, өкілдері депутат болды. Ал басқа партиялар ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы үш жылдың ішінде 18 бастамашы топ бізге партия құру ниеттерін білдіріп, хабарлама берді. Бірақ, оның ішінде бесеуі ғана бірінші кезеңнен өтті. Алайда, екі партияның хабарлама мерзімі өтіп кетті. Олар съездерін өткізген жоқ. Сондықтан оларға берілген рұқсат күшін жойды. Үш партия қазір ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр», - Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.


Соңғы жаңалықтар