Партия барлық негізгі міндеттердің драйвері болуы керек – Бибігүл Нүсіпжанова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Партия барлық негізгі мақсаттар мен міндеттердің драйвері болуы керек. Мұндай пікірді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты, өнертану профессоры, Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры Бибігүл Нүсіпжанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаһандық өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, бірақ біздің елімізде өзгерістер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі стратегиялық маңызды міндеттерінен басталды. Үкімет жүргізіп отырған барлық жаңартулар, реформалар мемлекеттің болашақ тағдырын алдын ала белгілейді. Ал билік партиясы алға қойған барлық негізгі мақсаттар мен міндеттердің қозғаушысы, ұйытқысы, драйвері болуы керек. «Amanat» партиясы мазмұнына, киелі мағынасына толық сай келетініне сенімдімін. Әрбір партия мүшесі қоғам мен өскелең ұрпақ алдындағы өзінің жеке әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі тиіс. Мен сенім, адалдық және ынтымақтастықты жақтаймын, сондықтан биліктің барлық бастамасын толық қолдаймын», - деді Бибігүл Нүсіпжанова.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтті.

Оның нәтижесі бойынша партия атауы «Amanat» болып өзгерді.

Съез барысында ҚР Президенті партия алдында тұрған мақсат-міндеттерді атады.


Соңғы жаңалықтар