Парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің еш мәні жоқ- сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің еш мәні жоқ. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы Кітапханасы Стратегиялық зерттеулер және болжаулар бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Анар Рақымжанова осылай мәлім етті. Еске салайық, баспасөз мәслихаты Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформалар аясындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының іске асу мәселелеріне арналған болатын.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Ұлт жоспары аясында Үкімет пен Парламент құзыретін кеңейту туралы да міндеттер айқындаған болатын. Осыған байланысты брифинг барысында Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Парламенттік сайлау мерзімінен бұрын өтеді ме, деген сауалдар қойылды.

«Үкімет пен Парламент өкілеттігін арттыруға келсек, бұның мазмұны негізінен олар өздері қабылдайтын шешімдерге жауапкершілігіне қатысты болады деп санаймыз. Яғни, олардың шешімдері соңғы инстанциядағы шешімдер ретінде қарастырылмауы мүмкін. Бұл ретте Үкіметтің шешім қабылдауына жауапкершіліктің көтерілуіне қатысты мәселелер орын алуы ықтимал. Ал заң шығарушы билік ретінде Парламент қандай заң қабылдануы тиістігін айқындауда, заңдар қалай дайындалып, оның жүзеге асырылуы барысындағы өкілеттігі артады. Енді мерзімінен бұрын Парламенттік сайлауға келсек, оны өткізудің еш мәні де жоқ. Өйткені, сайлау бәрібір келесі жылға жоспарланған. Міне, соған дейін Парламент өзінің келешек міндеттерін де айқындауы керек», - деді сарапшы А. Рақымжанова.

Соңғы жаңалықтар