USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Парламентте сыртқы жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын талап ететін құжат қабылданды

2021 жылғы 8 желтоқсан 12:15
Бөлісіңіз:
Парламентте сыртқы жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын талап ететін құжат қабылданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутаттар автокөліктердің міндетті техникалық байқауын алып тастауды ұсынды Дания Еспаева тауарларды таңбалаудан болатын кейбір проблеманы атады Сақтандыру компанияларымен дауларда кәсіпкерлерді қорғауға мән беру керек - Мәжіліс

Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы, басқа да реквизисттер мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы және мәтіндердің түпнұсқалы аудармасы бойынша қосымша талаптарды белгілеу. Бұдан басқа, дін саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін нормалар енгізілді.

«Аталған заң жобасын Парламент Мәжілісі 2021 жылғы 6 қазанда мақұлдады және ол Парламент Сенатына қабылданған 54 позициямен жіберілді.

Сенат «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру, діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен (ғимараттардан) тыс жерлерде өткізу үшін енгізілетін хабарлама тәртібін рәсімдеу әрі нақтылау бөлігінде түзетулер енгізді.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады», - деді Мәжіліс депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Құжатты қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Айта кетейік, жақында Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды.

Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT