Парламентте Сергей Дьяченконы еске алу шарасы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде Сергей Дьяченконы еске алуға арналған шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, ұзаққа созылған ауыр сырқатынан кейін 2016 жылы 26 қазанда көрнекті қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко өмірден озды. Оның сүйегі Ұлттық пантеон аумағында жерленді.

Біз бүгін досымыз әрі әріптесіміздің естелігіне шынайы құрмет көрсетіп жатырмыз. Уақыт жылдам өтіп жатыр, оның өмірден озғанына бір жыл өтіп кетті. Біз арамызда сыйлы әріптесіміздің орны ойсырап тұрғанын аңғарамыз. Сергей Александровичтің өмір жолы Отанға қызмет етудің жарқын көрінісі. Ол елге шынайы, жанашырлықпен қызмет еткен адам. Президент оны жоғары бағалады, осыған дәлел ретінде Сергей Дьяченко атқарған көптеген мемлекеттік лауазымдар, қоғамдық қызметтер өте маңызды болды», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин  бүгінгі жиында.

null 

Осы орайда Сергей Дьяченконың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды дамытуға сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар Н. Нығматулин өз сөзінде Сергей Александровичке арналған «Отан мен халыққа арналған ғұмыр» атты кітап шығарылғанын жеткізді.

«Кітаптың атауы оның өмірлік ұстанымына сай келіп тұр. Кітапта оның жақын достары естеліктерін жазып, бірге өткерген жылдар жайында баяндайды. Осының барлығын оқыған кезде оның көп қырлы тұлғалығын, адамгершілік үлкен қасиетін еске аласың», - деді Мәжіліс Төрағасы.

Өз кезегінде Сергей Дьяченконың зайыбы Лидия Борисовна көрсетілген құрмет үшін Елбасына, Парламент депутаттарына үлкен алғысын жеткізді.

Айта кетейік, еске алу шарасына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Сергей Александровичтің туған-туысқандары мен отбасы мүшелері қатысты.

Соңғы жаңалықтар