Парламентте әскерилердің әлеуметтік кепілдіктерін жетілдіру жұмысының жалғасуы маңызды – министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы сайлау учаскесіне Қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов алғашқылардың бірі болып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл сайлаудың ерекшелігі партиялық тізім бойынша да, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша да өтуінде. Біз үшін Парламентте әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін заңнамалық жетілдіру, зейнетақымен қамсыздандыру және Отан қорғаушы мәртебесін нығайту жұмыстарының жалғасуы өте маңызды», - деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында ұйымдастырылған 21 сайлау учаскесінде Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі сарбаздары мен курсанттарының дауыс беруі жүріп жатыр.

Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, әскери қызметшілердің, оның ішінде жауынгерлік кезекшілік атқаратындардың, нарядта және іссапарда жүргендердің сайлау құқығын іске асыру үшін бар жағдай жасалған.


Соңғы жаңалықтар