Парламентшілер екінші сессия барысында 367 депутаттық сауал жолдады

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Парламентшілер екінші сессия барысында биліктің басқа тармақтарына 367 депутаттық сауал жолдады.

Бүгін бесінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жабылуына арналған бірлескен отырыста Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, өткен бірінші сессияда мұндай сауалдардың саны 300 шамасында болған еді.

«Бұдан бөлек, заңнамалық үдерісте қоғамның белсенді әрі тиімді тетігі саналатын парламенттік тыңдаулардың да маңызы зор. Екінші сессия барысында мұндай екі тыңдау өтті. Оның ішінде 2012 жылдың желтоқсанында жұртшылықты баспанамен қамтамасыз ету жағдайы мен перспективаларына арналған тыңдау өткен еді. Бұған депутаттық корпус, Үкімет өкілдері, облыс әкімдері мен банк секторы, құрылыс салушылар қатысты. Проблеманың кешенді шешімі үшін бірқатар ұсыныстар да қабылданды», - дейді Н. Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар