+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Парламент жерге қатысты мораторийді 5 жылға ұзарту мен жайылым бойынша заңды қабылдады

2021 жылғы 24 маусым 12:05
Бөлісіңіз:
Парламент жерге қатысты мораторийді 5 жылға ұзарту мен жайылым бойынша заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин талаптарын бұзғандар жыл басынан бері 1 жарым млрд теңге айыппұл төлеген Жамбылда 252 мың гектардан астам жайылым пайдаланылмағандығы анықталды

2016 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Жер кодексінің жекелеген баптарының қолданысына мораторий енгізілгені белгілі. Бұл мораторий 2021 жылы 31 желтоқсанда аяқталады.

«Шетелдіктер бойынша мораторий нормаларына келетін болсақ, Мемлекет басшысы түпкілікті саяси шешім қабылдады. Ол бойынша 2021 жылы 13 мамырда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға беруге және сатуға толық тыйым салуды көздейтін тиісті Заң қабылданды. Қазақстандықтарға қатысты мораторий нормалары бойынша, сондай-ақ жер заңнамасын жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Жер реформасы бойынша комиссия құруды тапсырды. Барлығы Жер комиссиясының құрамына 80 адам кірді, олардың 75% азаматтық қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар болды. Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысы көпшілік алдында жүргізілді, оның барлық отырыстары онлайн режимде көрсетілді және әлеуметтік сайттарда жарияланды», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Жер реформасы жөніндегі комиссия ағымдағы жылғы 25 наурызда жұмысқа кірісіп, 24 сәуірде жұмысын аяқтады. Комиссияның 5 отырысы өткізіліп, онда 120-дан астам ұсыныс көтеріліп, жер заңнамасын жетілдіру бойынша бірқатар жүйелі ұсынымдар әзірленді. Жер реформасы жөніндегі комиссияның ұсыныстарын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дайындалды.

«Әзірленген заң жобасының мақсаты - жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алу институтын реттеу және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту.

Заң жобасының негізгі өзгерістері мен толықтыруларына тоқталсақ, қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру, жалға алу мерзімі аяқталған кезде оны жаңа мерзімге ұзарту құқығын беру, сондай-ақ мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте, оларды пайдалану мерзімі кемінде 5 жыл, сондай-ақ жер қатынастары органдарын хабарлау міндетті шарт болып саналады», - деді министр.

Сонымен қатар құжатта мына міндеттер ескерілген:

- Жер ресурстарын басқару комитетіне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;

- ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын «бақ шаруашылығы» және «саяжай құрылысына» өзгертуге тыйым салу;

- халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;

- берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет - ресурсында ашық түрде орналастыру;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке беруге мораторийдің қолданылу мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту.

«Әзірленген заң жобасын қабылдау нәтижесінде мынадай оң әлеуметтік - экономикалық салдар күтіледі:

жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экономикалық айналымға тарту, жергілікті халықтың жайылымдық жерлерге қажеттілігін қанағаттандыру, ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгертуге қойылатын талаптарды және жерді пайдалану мен қорғауға бақылауды күшейту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша ақпараттың ашықтығы. Жер заңнамасына талқыланған түзетулерді қабылдау агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың бір негізі болып отыр, өйткені жер мәселелері - ауыл шаруашылығы экономикасын дамытудың негізгі факторлары», - деді С. Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT