Парламент Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Заң бойынша АҚШ долларының есептелу бағамы бір долларға 300 теңге болған ретте кепілдендірілген трансферттің белгіленген мөлшері 15 пайызға ұлғайтылмайтын үш жылдық бюджетті жобалау параметрлері қайта қаралады. Бұл ретте аталған параметр тәсілін Мемлекет басшысы мақұлдағанын атап өту қажет. Осыған орай, қабылданған құжат бойынша еліміздің Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2 трлн. 400 млрд. теңге көлемінде айқындалып отыр. 2016 - 2018 жылдарға айқындалған Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Ұлттық қорда төмендетілмейтін қаражат қалдығы жөніндегі принциптің орындалуын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, тиісті қаржы жылдың соңына дейін Ұлттық қордағы қалдық қаражат ЖІӨ-нің болжамдық мәнінен 30 пайыз мөлшерінде қамтамасыз етіледі.

Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар