Парламент Ұлттық қордан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады

None
None
ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР заңын қабылдады.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Парламент қабылдаған заңға сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт алдағы 3 жыл бойы әр жыл сайын 1 трлн. 200 млрд. мөлшерінде айқындалған. Бұл ретте 2012 жылы тиісті қаржы жылының соңына таман ішкі жалпы өнімдегі болжамды мәнімен 20 пайыз мөлшерінде төмендейтін қалдық қағидаты сақталады. Бұған қоса болжамды деректер бойынша келесі жылғы көрсеткіш 30,1 пайызы немесе 8 трлн. 708,2 млрд. теңгені құрайды.

«2011 жылдың 1 қазанындағы ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 7 трлн. 197 млрд. теңгені құрап отыр»,-деді Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар