Парламент Үкімет ұсынған заң жобаларының сапасын ерекше бақылайтын болады - Мәжіліс Төрағасы

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Парламент Үкімет ұсынған заң жобалары мен ілеспе сараптамалардың сапасын ерекше бақылайтын болады.

Бүгін бесінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жабылуына арналған бірлескен отырыста Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Мәжіліс Төрағасы баяндама барысында Парламент пен Үкімет арасындағы барынша жемісті өзара байланысты айта келе, заң шығармашылығы үдерісіне жағымсыз әсер ететін мәселелер де бар екенін алға тартты. «Ең өткір мәселенің бірі - Парламентке келіп түсетін заң жобалары әр уақытта да толықтай дайындықтан өтпей жүр. Кейбір жағдайда Үкімет енгізген заң жобаларына ғылыми-құқықтық, лингвистикалық және сыбайластыққа қарсы сараптама қорытындылары уақытында өткізілмей немесе «кейінгі уақытпен» өткізіліп жүрді. Дәл осы себепке орай, Мәжіліс екінші сессиясы барысында 6 заң жобасын кері қайтарды», - деді спикер.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы заң жобаларының сапасыз дайындалуы және сараптамалардың уақытында жасалмауы заң шығару жұмысының қарқынына кері әсер етіп қана қоймай, Елбасы жүктеген маңызды міндеттердің уақытында орындалуына да қауіп төндіреді.

«Сондықтан, Парламенттің келесі сессияда да заң жобалары мен ілеспе сараптамалардың сапасын ерекше бақылайтын болады. Үкімет осыны назарға алуға тиіс»,-деді Нұрлан Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар