Парламент ТМД елдерінің ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған құжатты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хаттамаға 2019 жылғы 31 мамырда Ашхабад қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері қол қойды. Заң жобасын әзірлеу қажеттігі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жаңа Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қойылуына байланысты туындады. Оның күшіне енуіне байланысты бірқатар халықаралық шарттар, оның ішінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісім өз әрекетін тоқтатты.

«Сондықтан жоғарыда көрсетілген Шартқа сәйкес келтіру мақсатында Қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімнің кіріспесіне өзгеріс енгізіледі. Екіншіден, жоғарыда көрсетілген Шартқа сәйкес келтіру және бірыңғай «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесін» белгілеу мақсатында Келісімнің 2-бабы 2009 жылғы 20 қарашадағы атауы осындай Ережеге сілтемемен толықтырылды. Үшіншіден, Келісімнің 6-бабы жаңа редакцияда жазылды. Оның мәні қажет болған жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өткізу бекеттерінде бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасап береді», - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, заң жобасын ратификациялау тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізуді көздемейді. Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, ықпалдасуға және өзара көмек көрсетуге бағытталған. Осы Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді.

.


Соңғы жаңалықтар