Парламент «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясын» қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге және бүкіл қоғамның мүдделерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген тарихи маңызды экономикалық және саяси реформалар жүргізілді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің саясаты ұзақ мерзімге негізделді. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, өмірдің жоғары сапасына жүйелі де мақсатты ұмтылысы, оның басты ұстанымдары болды және солай болып қала береді. Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елу елдің қатарына енді. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіп қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады.  Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттік ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан елімізге өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деді  декларация жобасын таныстырған  Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, декларация жобасында Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіргендігі аталып өтілген.

«Президент Н.Назарбаев Қазақстанды еліміздің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи маңызды міндетті шеше білді. 1991 жылғы 29 тамызда Елбасы Семей ядролық полигонын жапты. Қазақстан Президенті өз елінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың тағдыры үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде танылды. Семей полигонының жабылуымен ядролық қаруды таратпау және қарусызданудың жаһандық процесінің жаңа кезеңі басталды», - деді Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар