Парламент сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелерін келісім комиссиясы арқылы қарайды

None
None
анның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап,

 

 келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған құжат қылмыстық істен күдікті азаматқа қатысты нақты айғақтары бар аса ауыр емес қылмыстар бойынша іс жүргізудің сотқа дейінгі рәсімін оңайлатуға бағытталған. Қазіргі таңда алдын ала анықтау мен тергеу барлық қылмыстарға қатысты жүргізіледі. Өйткені қолданыстағы тергеу рәсімі кеңестік жүйенің тәртібін сақтап қалған. Соның салдарынан қазір қылмыстық үдеріске қатысушы азаматтар ішкі істер және өзге де органдарға бірнеше рет шақырылады және оларға қатысты көптеген тергеу әрекеттері жүргізіледі. Учаскелік инспекторлар мен тергеушілер, анықтаушылар одан соң сот өкілдері барлығы да жауап алады. Нәтижесінде жеңіл қылмыстық іске қатысты күдікті өзінің кінәсін мойындап, қажетті деректер жеткілікті болса да бірнеше ай бойы тергеледі.

 Осыған орай, жаңа заң жобасында аса ауыр емес қылмыстар бойынша тиісті материалдар соттың қарауына айналасы 10 күннің шамасында жіберіледі. Ал сот өз кезегінде прокурор мен адвокаттың және басқа да осы үдеріске қатысушылардың араласуымен берілген материалдарды аз ғана уақыт ішінде қарастырып, тиісті азаматтың кінәсі мен жазасын белгілейді. Сөйтіп, бір жағынан ауыр емес қылмыстарды тергеудің мерзімі қысқарып, жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қойылады.

 Сенаторлар енгізген ұсыныстардың арасында Мәжіліс депутаттары бірқатар түзетумен келіспеді. «Мәселен, жобада қамтылған жарияланым көздерін толықтыру қажет болып отыр, өйткені сенаторлар жарияланым көздерінің толық тізбесін көрсетпеген. Бұдан басқа Сенат 1-бап, 1-тармағы, 1-тармақшасын жаңа мәтінмен толықтырып, жаңа процессуальдық тұлға - «көрген адамды» енгізеді. Бұл түзетуге мынадай негіз бойынша келісім бере алмаймыз: Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық үдеріске қатысушы өзге де адамдар - сот отырысының хатшысы, аудармашысы, куә, сарапшы, маман сот приставы. Бұл ұғымдардың мағыналық мазмұны ашып көрсетілсе, «көрген адамның» мағынасы көрсетілмей қалған», деді жоба бойынша баяндама жасаған депутат Рамазан Сәрпеков.

Соңғы жаңалықтар