Парламент Сенаты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын қабылдады

None
None
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент Сенаты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, кодекс еліміздегі неке-отбасы қатынастарын реттеуге олардың жүзеге асырылуының кепілдіктерін белгілеуге, сондай-ақ отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Бұл ретте Кодекс жобасы адамның жеке өміріне қол сұқпау, жеке өмірінің құпиясын жария етпеу туралы лауазымды тұлғаның жауапкершілігін көздейді. Сонымен қатар, жобада некені қиюдың, оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібі айқындалады. Ерлі-зайыптылардың, баланың, ата-аналардың, бала асырап алушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланады. Баланы асырап алудың тәртібі, қорғаншылық пен қамқоршылықты реттеу мәселелері қамтылады. Отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, бұрынғы ерлі-зайыптылардың және отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері бекітіледі. Құжаттағы жаңа ережелерге келетін болсақ, онда суррогат ана болу және ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын қолдану мәселелерін реттейтін нормалар қамтылған. Бұдан бөлек, бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу нормалары да кодификацияланады.

Құжатты талқылау барысында сенаторлар тарапынан біршама ұсыныстар жасалған болатын. Солардың басым бөлігі қабылданды. Атап айтқанда, Сенат енгізген түзету бойынша Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарының және шетелдіктердің бала асырап алуының тәртібі Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты конвенцияға сәйкес келтірілді. Шетелдік бала асырап алушылардың асырап алынған балалардың тіршілік жағдайы, оқуы және денсаулығының жай-күйі туралы есептер ұсынуының тәртібі регламенттелді. Бұдан бөлек, Сенат алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда жалпы орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейігі білім беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім беру жүйесінде оқитын балаларды күтіп-бағуға қаражатты сот тәртібімен өндіріп алу жөнінде норманы енгізіп отыр.

Естерінізге сала кетейік, бұған дейін заң жобасы Мәжіліске қайтарылган болатын. Алайда Мәжілістін таратылуына байланысты заң шығарушылық кызметі толығымен Сенаттың қолына өтіп отыр. Сондықтан да, Сенат бұл заңды қабылдау туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар