+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Парламент сайлау мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады - Президент

2017 жылғы 16 наурыз 20:29
Бөлісіңіз:
Парламент сайлау мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін отандық және халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

- Жақсы бір тәмсіл бар: жаңа сайлаудан кейін және үйленгеннен кейін ылғи да өз қалағаныңа қолың жете бермейді. Сондықтан... Не үшін адамдар жаңа сайлаудың болғанын қалайды? Парламент 2021 жылға дейін сайланды. Ол өзінің мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады», - деді Президент.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT