Парламент Президенттің 40 офицерді БҰҰ миссиясына жіберу туралы ұсынысын қолдады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Парламентіне қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімін ұсынды. Елбасы ұсынысын ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес бірқатар контингенттің құрамында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгізген болатын. 

«Бірінші - БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясы. Екінші - БҰҰ-ның Кипрдағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі қарулы күштері. Үшінші - БҰҰ-ның Үндістандағы және Пәкістандағы әскери байқаушылар тобы. Төртінші - БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері. Бесінші - БҰҰ-ның Батыс Сахарада референдум жүргізу жөніндегі миссиясы», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысында. 

ҚР Парламентінің депутаттары Елбасының бұл ұсынысына толықтай қолдау білдіріп, арнайы Қаулы қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар