Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңес төрағасы баяндама жасап, Үкімет пен Есеп комитетінің есебі қаралады

None
None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

Күн тәртібіне сәйкес, қос палата алдында ҚР Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жасалады.

Бұдан бөлек, Парламент ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар