Парламент Нахчыван келісімін қабылдады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады. Енді құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Аталған келісімге Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында 2009 жылғы қазанның 3-інде қол қойылған. «Жақын этникалық негіздерді, тіл мен дін, ұқсас мәдениет пен дәстүрлерді негізге ала отырып, Қазақстанның сыртқы саясатының басымды бағыттарының бірі түркі тілдес мемлекеттермен ынтымақтастық болып табылады. Түркі тілдес мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы Қазақстанның жан-жақты теңдестірілген сыртқы саясаты қағидаттарына сәйкес маңызды саяси қолдау ресурсын береді. Бұндай ынтымақтастық жалпы, 1992 жылы құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің саммиті аясында жүзеге асып келеді. Кейінірек, бұның 9 саммиті өтті. Бұдан бөлек, осы бағытта бірқатар түркі тілдес елдерінің ынтымақтастығын қамтитын институттар да қызмет етеді. Алайда, ынтымақтастық үдерісі осы мемлекеттер басшылары деңгейінде жалпы саяси құрылымды құру қажеттігін көрсетті. Осыған орай, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттер кеңесін құру туралы бастама көтерген болатын. Осыған орай, Нахчыван қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттерінің 9-ы саммитінде осы кеңесті құру туралы келісім жасалды», - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев.

Министр орынбасарының айтуынша, аталған Нахчыван келісімі туралы мәселе ағымдағы жылғы қыркүйектің 16-сында Ыстамбұл қаласында өтетін Түркі тілес мемлекетер басшыларының саммитінде де талқыланады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар