Парламент мемлекеттің саяси салмағы мен беделін көтеруге ықпал ететін 46 халықаралық конвенцияны, хаттаманы, келісімді және шартты ратификациялады

None
None
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Парламент мемлекеттің саяси салмағы мен беделін көтеруге ықпал ететін 46 халықаралық конвенцияны, хаттаманы, келісімді және шартты ратификациялады.


Бұл туралы бүгін,  Парламент палаталарының бірлескен отырысында, 4-ші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жабылуында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мәжіліс Төрағасының айтуынша, оның ішінде Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы саласындағы негізгі құжаттарына, атап айтқанда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің факультативтік хаттамасына қосылуының   ерекше маңызы бар.

 «Парламент табиғат қорғау жөніндегі халықаралық іс-қимыл саласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялады. Оны іске асырудан күтілетін инвестиция көлемі жыл сайын 400 - 700 млн. АҚШ долларын құрамақ», - деді О. Мұхамеджанов.

 Мәжіліс Төрағасының сөзіне қарағанда, Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық шараларын нығайтудың маңыздылығын ескере отырып, Парламент ұжымдық қауіпсіздік шеңберінде әскери инфрақұрылым нысандарын бірлесіп пайдалану, бітімгершілік қызметтің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру мәселелері жөніндегі бірқатар келісімдерді ратификациялады.

Соңғы жаңалықтар