Парламент Мемлекет басшысына «Халық қаһарманы» атағын беретін Заңды қабылдады

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.

Аталған Заң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына айрықша ерекшелік белгісі - «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» атағын беруді қарастырады. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің бірлігін, Конституцияның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз еткен, жаңа Тәуелсіз Мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Оның жеістіктері Қазақстан халқы тарапынан зор құрмет пен сенім тудырады. Мемлекет Басшысының кемелді сарабдал ішкі және сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасы айтарлықтай экономикалық өсуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізді, бүкіләлемдік қоғамдастықта биік беделге ие болды. Осыларды ескере келіп, Парламент Сенаты аталған Заңдарды бірауыздан қабылдады. Енді құжат Мемлекет Басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар