Парламент Мәжілісінің жәрдемімен Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшін құқықтық база қалыптасты - С. Нацуи

None
None
ыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент Мәжілісінің көрсеткен жәрдемі арқасында біз қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшін құқықтық база қалыптастыра алдық.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуі барысында Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сигео Нацуи осылай мәлім етті.

«Көбінесе Мәжіліс Төрағасының жәрдемімен Жапонияның Қазақстандағы Елшісі ретіндегі өз миссиямды толық атқара алдым деп ойлаймын. Сонымен бірге, осы өткен екі жыл барысында біз екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы үшін құқықтық базаны әзірлей алдық. Атап айтқанда, біз екі мемлекет арасында қосарланған салықтарды болдырмау туралы келісімге қол жеткіздік, бұл ретте бізге Мәжіліс зор көмек жасады», деді Елші. Сонымен қатар, Сигео Нацуи Мәжілістің қолдау білдіруі нәтижесінде маңызы жоғары саналатын атом энгергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы ынтымақтастық келісімінің қабылданғанын жеткізді.

Өз кезегінде Мәжіліс Төрағасы О. Мұхамеджанов мәртебелі Елшінің Қазақстандағы жұмысын жоғары бағалап, әсіресе экономикалық қатынастарды нығайту мен инвестицияларды өзара қорғау мәселесіндегі еңбегіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, спикер елімізде болу миссиясының аяқталуына орай, Елшінің бұдан кейінгі дипломатиялық белестеріне де зор табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар