Парламент Мәжілісі қашықтан жұмыс режиміне көшеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Парламент Мәжілісі 18 наурыздан 15 сәуірге дейін қашықтан жұмыс режиміне көшеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты қабылданды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісі ғимаратында парламенттік іс-шараларға қатысушылар мен келушілер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізілді.

Мәжілістің барлық шаралары (жұмыс топтары, бейінді комитеттердің отырыстары, «үкімет сағаттары», жалпы отырыстар) Палатаның ресми www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Сондай-ақ Мәжілістің сайтында өткен шаралар туралы қысқаша мәліметтер мен суреттер жедел түрде жарияланады.

Сонымен қатар, барлық қажетті ақпаратты баспасөз қызметінен: 74-63-04, 74-63-05, 74-68-44 телефондары арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар