+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Парламент көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны көтеруге арналған заңды қабылдады

2020 жылғы 30 сәуір 12:19
Бөлісіңіз:
Парламент көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны көтеруге арналған заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда Сенат депутаттары сайланады Сайлау: Сенатта халық атынан өкілдік ету кімге бұйырады Сенат сайлауы: халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу қаралды - ОСК

Заң жобасына Парламент депутаттары бастамашылық етті. Аталған құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында әзірленді.

«Өздеріңізге мәлім, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмілетке толмаған 4 және одан көп балалары бар отбасылар үшін жаңа жәрдемақы енгізілді. Ол отбасының кірісіне қарамастан 42 496 теңгеден бастап 74 388 теңгеге дейінгі сомада тағайындалады. Көпбалалы отбасындағы балалардың жәрдемақы алу құқықтарына нұқсан келтіруді болғызбау мақсатында заң жобасында 8 және одан көп балаларға арналған жәрдемақының мөлшерін төрт айлық есептік көрсеткіштен, әрбір кейінгі балаға 10 мың теңгеден астам белгілеу ұсынылып отыр», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина.

Осылайша, сегіз баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 84 832 теңгені, тоғыз балаға – 95 436 теңгені, он балаға – 106 мың теңгені, сондай-ақ одан кейінгі әр балаға төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.

«Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына қарағанда, елімізде 8-15 баласы бар 2 451 отбасы тіркелген», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қаңтар айының соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала саны жетіден асатын отбасыларға жәрдемақы сомасы артатынын айтқан еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT