Парламент Кеден одағына мүше мемлекеттердің ДСҰ-ға кірген жағдайда әрекет етуіне байланысты келісімді қабылдады

None
None
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы» заңы қабылданды.

Аталған шарттың мақсаты Кеден одағының бір немесе бірнеше мүшесі Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылған жағдайда оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ДСҰ-да Кеден одағы мүшелерінің міндеттемелерін орындаудың құқықтық негіздерін белгілеу болып табылады. «Егер Кеден одағына мүше екінші мемлекет ДСҰ-ға кіретін болса, Кеден одағының құзыретіне берілген сұрақтар бойынша екі мемлекеттің міндеттемелерінің арасында айырмашылық болған жағдайда осы екі мемлекет бір-бірімен және ДСҰ-дағы ірі сауда әріптестерімен консультация жүргізетін болады. Өйткені, бұл міндеттемелер бір-бірімен үйлесімді боуы тиіс. Бұдан бөлек, Кеден одағына мүше мемелкеттердің арасынан бірінші болып ДСҰ-ға қосылатын мемлекеттің экономика саласында алынып отырған міндеттемелері де Кеден одағын құру барысындағы келісімдермен бірге үйлесетін болуы шарт», - дейді Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова.

Шартқа ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 2011 жылғы 19 мамырдағы 87-шешіміне сәйкес үкімет басшылары деңгейінде қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар