Парламент: Қазақстан мен Беларусь арасындағы дипломатиялық өкілдіктер үшін өзара жер беретін келісім қабылданды

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Беларусь арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Аталған келісімнің мақсаты Қазақстан мен Беларусь арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту болып табылады. Келісім Беларусь тарапының Қазақстан тарапына оның дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Минск қаласындағы алаңы 0,86 гектар жер учаскесін өзаралық шарттармен 49 жыл мерзімге жалға беруін көздейді. Өз кезегінде Қазақстан тарапы Беларусь тарапына оның дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласындағы алаңы 0,86 га жер учаскесін өзаралық шарттармен 49 жыл мерзімге жалға береді.

Келісім 2012 жылы 14 мамырда Минскіде жасалған.

Соңғы жаңалықтар