Парламент Елбасының бастамаларын уақтылы және сапалы түрде жүзеге асыруға үлес қосуы тиіс - Қ.Тоқаев

None
None
күйектің 10‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Парламент Елбасының бастамаларын уақтылы және сапалы түрде жүзеге асыруға үлес қосуы тиіс. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының үшінші сессиясының алғашқы отырысын ашып, сөз сөйлеген палата Төрағасы Қасым‑Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Палата Төрағасы Қ. Тоқаев, сенаторларды  үшінші сессияның ашылуымен құттықтап, Сенаттың алдағы уақыттағы басым міндеттері мен сессияны ашу барысындағы Елбасының жүктеген тапсырмаларына тоқталып өтті. «Мемлекет басшысы Парламент жұмысын жоғары бағалап, ағымдағы сессияда атқарылуы тиіс жұмыс ауқымы мен басымдықтарға жан‑жақты тоқталып өтті. Елбасының Парламентке  берген бағыт‑бағдары нақты әрі дәйекті болып табылады. Ол бойынша жүктелген үлкен мақсаттар белгілі. Өз кезегінде депутаттық корпус ертеңгі күнді бүгін болжап жүрген Елбасының бастамаларын уақтылы және сапалы түрде жүзеге асыруға үлес қосуы тиіс. Сондай‑ақ, халық қалаулыларының мемлекетіміздің тұрақты дамуына заңдық негіз қалау ісіне бар күш-жігерін жұмсайды деп кәміл сенемін», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге, Төраға жұмыла көтерсе жүк жеңіл болатынын айтып, Парламент пен Үкіметтің алдағы жауапты әрі абыройлы шараларды келешекте де қоян‑қолтық жалғастыратынына сенім білдіріп, билік тармақтарының халық мүддесі үшін үйлесімді қызмет атқаруы тиістігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар