Парламент ел аумағы арқылы АҚШ арнайы жүктерінің Ауғанстанға транзитін қамтамасыз ететін келісімді қабылдады

None
None
ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы

Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңы қабылданды.

Аталған хаттамаға 2011 жылғы 8 шілдеде Вашингтон қаласында қол қойылған болатын. Келісім Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамсыз ету, оны тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылға қолдау көрсету мақсатында жасалып отыр. Бұл ретте Қазақстан аумағы арқылы Америка тарапының моторлы, қару-жарақсыз доңғалақты брондалған көлік құралдарының, сондай-ақ бірге жүретін персоналдарының коммерциялық теміржол транзитіне, оның ішінде осындай көлік құралдары мен персоналын кері бағытта алып өтуге арналған рәсімдері айқындалған.

Хаттаманың мақсаты арнайы жүктің және бірге жүретін персоналдың коммерциялық теміржол транзиті жүзеге асырылатын өткізу пункттерін толықтыру болып табылады.

Заңды қабылдау Қазақстанның Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға үлес қосып отырған мемлекет ретінде халықаралық беделін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар