Парламент ЕАЭО туралы шартты ратификациялап, интеграцияны кеңейтуге бағытталған жұмысты жалғастырады - Сенат спикері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялап, экономикалық интеграцияны кеңейтуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.

Отырысты ашқан Палата Төрағасы кеше Қазақстан, Ресей мен Беларусь президенттерінің Еуразиялық экономикалық одақ туралы тарихи шартқа қол қойғанына куә болғанымызды айта келе, осыдан 20 жыл бұрын Елбасы Н. Назарбаев бастама жасаған одақ құру идеясы ақиқатқа айналғанын жеткізді.

«Бірлестік жаһандық экономиканың қуатты күшіне айналып, әлемдік кеңістікте алдыңғы қатарға орналасқан екі жүз аймақтық интеграциялық құрылымның арасында жетекші орынға ие болуды көздеп отыр. Бұған қажетті алғышарттар да бар. Елбасының атап көрсеткеніндей, қазақстандық өнімдердің, жұмыс күші мен капиталының еркін қозғалысы, бірлескен кәсіпорындар құру, байланыстарды күшейту - осының барлығы ел экономикасына оң ықпал етпек», - деді жиын барысында Қ. Тоқаев.

Спикердің айтуынша, құрлық ішінде орналасқан ірі мемлекет ретінде Қазақстан үшін көршілес елдермен тығыз қатынас орнату тек аймақтық нарыққа шығатын жол ғана емес, әлем елдерімен терезесі тең елге айналудың бірден бір жолы. «Осындай айрықша мүмкіндікті тиімді қолданып, жүзеге асыру ісі баршамызға тікелей байланысты. Ең алдымен Парламент кеше мемлекет басшылары қол қойған шартты ратификациялап, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған құқықтық негіздемені жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы керек», - деді Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар