Парламент депутаты: Төменгі айлықты желеу етіп, жемқорлықты ақтау – қылмыс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірді-екілі жемқордың кесірінен тұтас бір саланың жұмысына көлеңке түсіп жатады. Сол себепті, жемқорлықпен қоғам болып күресуіміз керек. Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев осындай пікірбілдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өмірде парадокстар аз емес. Адамның денсаулығын сақтау бойынша үлкен технологияларға Қазақстанның қолы жетіп жатыр, екінші жағынан оқу мекемелеріндегі парақорлық жайлы мәселе көтеріп отырмыз. Жер мен көктей мәселелер, иә?! Жылдар бойы жемқорлықпен күресіп келеміз. Мемлекеттік сатып алуда да, көптеген салада кездескенімен, жемқорлық білім саласында ерекше байқалады. Себебі, бұл салада біздің қоғам жемқорлықпен жиі бетпе-бет келеді. Бір жағынан алып қарасаңыз, жас студенттерге, бозбала мен бойжеткендерге жемқорлық жиіркенішті болуы керек еді. Бірақ, жағымсыз жайлар әлі де кездесіп жатады», - деді Бейбіт Мамраев Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте.
Мәжіліс депутатының айтуына қарағанда, қазіргі таңда күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін бүкіл қоғам біріге білуі тиіс.
«Менің ойымша, біздің бәріміз осы мәселені қолға алып, шешілу жолын іздеуіміз керек. Оқу мекемелерінің мұғалімдерінің арасында неліктен жемқорлар көбейіп тұр? Олар өз әрекеттерін немен ақтайды? Бір жағынан төменгі айлық деуі мүмкін. Бірақ, кім мамандық таңдауда кедергі келтірді, мамандықты ауыстыруға біреу қарсылық танытып тұр ма? Төменгі айлықты желеу етіп, жемқорлықты ақтау – қылмысқа тең», - деді ол.
Бейбіт Мамраевтың айтуына қарағанда, жемқорлыққа жол берген адамдардың кеселінен бүкіл білім саласына көлеңке түседі.
Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейтіп, қатарды «тазарту» керектігін мәлім еткен болатын. Сонымен қатар ЖОО-лардағы жемқорлық мәселесі Қауіпсіздік кеңесінде қаралатынын атап өтті.
- Ақтөбеде өткен шығарма жазу байқауында үндістандық студент жүлде алды
- Құпия сатып алушы теміржол көлігінде жемқорлық тәуекелді тексерді – Ақмола облысы
- Қазақстан мен Оман арасында виза тәртібін жеңілдету, туризмді дамыту мәселесі талқыланды
- Қостанай облысы жатақхана мәселесін қалай шешпек
-
Президент Жолдауы: Депутат зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау туралы ұсынысын айтты
-
Еңбек министрі: Отағасы жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасына АӘК төленбейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам