Парламент депутаты құтқарушылардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатор Сергей Ершов ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасақтарының қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселені айтты. Олардың ішінде төмен жалақы, зейнеткерлік жас, тұрғын үй төлемдері туралы деректер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құтқарушының лауазымдық жалақысы биылдың 1 қаңтарынан бастап 23 пайызға өскенін есепке алғанда, 105 208 теңгені құрайды. Біздің ойымызша, мұндай қауіпті кәсіп қызметкері үшін бұл жеткіліксіз. Өйткені, бұл мамандар күн сайын құтқару жұмыстарын атқарады және өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», - деп С. Ершов Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор құтқарушылардың зейнетке 63 жасында шығуын да дұрыс емес деп санайды. Себебі олар жұмыс істейтін жағдайлар өте қауіпті болады. Депутат құтқарушыларға еңбек зейнетақысын мерзімінен бұрын беруді көздейтін кейбір елдерді мысалға келтірді.

«Құтқарушыларға мәртебесін арттыру мақсатында құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері деңгейінде тұрғын үй төлемдерінің тәсілдері мен тетіктерін беру қажет деп санаймыз», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар