Парламент депутаты білім саласын қаржыландыру мәселесін көтерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов білімге қатысты жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу процесіне қатысты алаңдаушылығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің депутаттық сауалымыз. Біріншіден, жан басына шаққандағы қаржыландыруға тек қалалық жалпы білім беретін 1594 мектеп ғана көшті. 2018 жылы толық жинақты ауылдық мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізу және кейіннен толық көлемде енгізу тоқтатылып, бұл реформа ауылдық білім беру ұйымдарын қамтымады.

Еліміздегі 3987 толық жинақты мектептердің, ауылдық мектептері 2393-ті құрайды. Оларды жан басына шаққандағы қаржыландырудан алып тастау, біздің пікірімізше, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтпай, қайта одан әрі тереңдете түседі», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, жан басына шаққандағы қаржыландыруға толық көлемде көшуді баяулатуға болмайды.

«Екіншіден, жан басына шаққандағы қаржыландырудың қолданыстағы моделі «ақша оқушыға арналады» қағидатына сай келмейді деп есептейміз. Оқушы бір өңірден екінші өңірге ауысқан кезде, тиісті шығындар оқушының соңынан ермейді», - деді Бектұрғанов.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай ұсыныстар енгізілді:

- 2021-2022 оқу жылынан бастап толық жинақты ауылдық мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін және олар үшін тиісті әдістемені әзірлеу жөніндегі мәселені қарау;

- «ақша оқушыға арналады» деген негізгі қағидатты іске асыру мақсатында, оқушылардың есебін жүргізу және ішкі көші-қонға мониторинг жасау үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру жөніндегі Ұлттық білім беру дерекқорында басқа мемлекеттік органдардың қолданыстағы дерекқорларымен бір мезгілде интеграциялай отырып, жеке жүйені әзірлеу.


Соңғы жаңалықтар