Парламент депутаттарының каникулы аймақтардағы кездесулермен басталады

None
None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Депутаттар парламенттік каникулды республика аймақтарындағы сайлаушылармен кездесуден бастайды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәселен, 1 шілде, дүйсенбі күні Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысының Целиноград ауданындағы сайлаушылармен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл сапарлардың мақсаты - облыс, аудан орталықтары мен үлкенді-кішілі ауылдардағы халықпен жүздесулер өткізу. Аймақтық іссапарлар барысында жергілікті өкілетті және атқарушы орган басшылармен кеңестер өткізіп, өндірістік және әлеуметтік сала нысандарымен танысу көзделеді

«Кездесулер барысында «Нұр Отан» ХДП, «Ақ Жол» ДКП, Қазақстан халықтық коммунистері партиясы фракцияларының және Қазақстан халқы Ассамблеясының парламентшілері Палатаның заң шығарушылық жұмысы туралы сайлаушыларға баяндап береді. Саяси партиялардың белсенділерімен пікір алмасып, партиялардың қоғамдық қабылдаулары мен ұлттық-мәдени орталықтарында азаматтарды қабылдаулар жүргізіледі», - делінген баспасөз баянында.

Сайлаушылармен болатын кездесулердің басты тақырыбы - Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауындағы міндеттерді талқылау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар