Парламент депутаттары: вьетнамдық әріптестеріміз коронавируспен күресте қолдау көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі басшылығының келісімі бойынша Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысы (Вьетнам Парламенті) елімізде коронавирустың таралуына қарсы гуманитарлық көмек ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вьетнамдық парламентшілер гуманитарлық көмек ретінде жіберген жеке қорғаныс құралдары Атырау облысындағы медициналық мекемелерге тапсырылды. Аймақтағы медициналық ұйымдарға уақтылы жеткізу және таратуды Мәжіліс пен Сенат депутаттары бақылауына алды.

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары елімізде коронавирустық инфекциямен күресу бойынша кешенді жұмыстарға белсенді араласуда.


Соңғы жаңалықтар