+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Парламент депутаттары ТүркПА комиссиясының жетінші отырысына қатысты

2019 жылғы 16 мамыр 19:09
Бөлісіңіз:
Парламент депутаттары ТүркПА  комиссиясының жетінші отырысына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Динар Нөкетаева Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы ұйымдастырған ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының жетінші отырысына қатысты, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

Отырыстың күн тәртібінің негізгі тармағы «БҰҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі орнықты даму мақсаттары. ТүркПА-ға мүше елдердегі қазіргі отбасылық құндылықтардың мәдени ұқсастығы (заңнама болашағы)» тақырыбына арналды.

Шараға қатысқан парламентшілер БҰҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі орнықты даму мақсаттары тұрғысында түркітілдес елдердегі отбасылық құндылықтар мен мәдени бірегейлік мәселелерін, сондай-ақ осы саладағы ұлттық саясат туралы жан-жақты талқылады. Ұлттық заңнамалардың келешегі мен осы саладағы ұлттық және көпжақты заңнаманы үйлестіру жөнінде бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

Қазақстан тарапынан Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева мен Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова сөз сөйледі.

null

Д. Нөкетаева Қазақстанның гендерлік, демографиялық және отбасылық саясатының негізгі ережелерін түсіндірді. Сенатор Қазақстан гендерлік теңдікке қатысты барлық халықаралық конвенцияларды ратификациялағанын, ТүркПА-ға мүше елдерде мәдени отбасылық құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті, еліміздегі отбасы институтын нығайту жөнінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы әңгімеледі.

null

Ж.Омарбекова білім беруді дамытуға және ауылдық аумақтардағы мүмкіндіктерді кеңейтуге, ажырасудың дабылды деректеріне назар аудара келіп, біздің елімізде осы мәселелер бойынша ұлттық жобалар әзірленіп жатқанын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Түркі елдері,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT