+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Парламент депутаттары каникулға кетті

2017 жылғы 30 маусым 10:42
Бөлісіңіз:
Парламент депутаттары каникулға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған Парламент екінші сессиясын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қай кезеңде болса да еліміз үшін әрқашанда заңның орны ерекше, маңызы өте зор. Бүгін біз сол заңдарды шығаратын еліміздегі ең жоғары өкілетті орган қос палаталы Парламеттің кезекті сессиясын аяқтап отырмыз. Алтыншы шақырылған Парламенттің екінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өтті деуге болады»,-деп тоқталды ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осыған орай ол дәстүр бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріп, болашақ жоспарлармен бөлісе келе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы қабылданғанын, ірі конституциялық реформалар жүргізілгенін еске салып өтті. Бұл тікелей халқымыздың болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам.

«Осындай өте жауапты кезеңде Парламент депутаттары Президентіміздің екінші сессияның ашылуында алға қойған стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыруға белсене араласты. Екінші сессияда қос палатаның алты бірлескен отырысы, Мәжілістің 38 және Сенаттың 25 жалпы отырыстары өтті. Бұл кезеңде Парламент қарауында 111 заң жобасы болды, оның 84-і қабылданды. Олардың ішінде 15 заң жобасына біздің депутаттарымыз өздері бастамашы болды. Парламент қабылданған 66 заңға бүгінгі күні Президент қол қойып, олар өз күшіне енді»,-деді Мәжіліс төрағасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT