Парламент банк қызметін реттеу мәселелеріне арналған заңды қабылдады

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылап,

құжатты қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының негізгі міндеттері банктердің ашықтығын қамтамасыз етіп, қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды күшейтеді. Сонымен қатар ол банк холдингтері мен конгломераттардың, сақтандыру холдингтері мен топтарының, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен оның ірі қатысушыларының қызметіне қадағалауды күшейтеді. Бұған қоса құжатта құнды қағаздарды дамыту мен жинақтаушы зейнетақы қорын жетілдіруге бағытталған нормалар бар.

Бұдан бөлек, заң жобасының негізгі мақсаты банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын, сақтандыру ұйымдарын ашық немесе жасырын үлестес бейіндік емес құрылымдардан бөліп тастау, қаржы ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыру, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету тетіктерін күшейту болып табылады. Соған орай, заң жобасымен бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Атап айтқанда, банк активтерін жақсартуға бағытталған ережелер банктердің жұмыс істемейтін активтерін сатып алатын және оларды басқаратын еншілес арнайы компанияларды банктердің құруын көздейді. Бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ережелер бағалы қағаздар шығару шарттарының орындалуы үшін эмитенттер мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығын арттыруды көздейді. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктерден депозиттердің кетуін болдырмау мақсатында жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік өтеу мөлшерін бес миллион теңге деңгейінде сақтап қалу ұсынылады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар