Парламент балаларды қорғау саласына қатысты құжатты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 10 желтоқсан күні Сенаттың жалпы отырысында құжат екінші оқылымда талқыланды. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Сенат енгізген толықтырулармен келісті.

«Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобасына Сенат енгізген толықтыруларды қарап шықты. Сенат ұсынған толықтырулар заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді және ҚР Конституциясының 61-бабының 5-тармағына сәйкес, комитет ҚР Парламенті Сенаты енгізген толықтырулармен келісуді ұсынады», - деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Еске сала кетейік, заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Мәселен, ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс бойынша сотта істерді қарауды алқабилердің қатысуынсыз судьяның жеке-дара жүзеге асыруын көздейтін түзетулер енгізу ұсынылды.

«Құжатты екінші оқылымға дайындау кезінде заң жобасына толықтырулар енгізу қажет болды. Мемлекет басшысының Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қлымыстар үшін жазаны күшейту міндеті көрсетілген. Түзетулер осы санаттағы істерді кәсіби судьялардың жалғыз қарауын көздейді», - деді сенатор Қанатбек Сафинов.


Соңғы жаңалықтар