USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Парламент азаматтардың сот шығындарын барынша азайтуға негізделген құжатты қабылдады

2021 жылғы 9 желтоқсан 10:54
Бөлісіңіз:
Парламент азаматтардың сот шығындарын барынша азайтуға негізделген құжатты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Андрей Лукин діни экстремизммен күрес шараларын ұсынды Сенатор жұмыссыздық туралы деректерге сенімсіздік танытты Сенат стандартты үлгілерді дамытатын келісімді ратификациялады

Парламент депутаттарының бастамашылығымен ұсынылып отырған заң жобасының міндеттері - азаматтық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру, татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейту, азаматтардың сот шығыстарын барынша азайту, сондай-ақ халық арасында туындайтын дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей, одан тыс реттеу.

«Заң жобасын екі негізгі блокқа бөлуге болады. Біріншіден, дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеуді дамытуға. Екіншіден, азаматтық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бірінші блок бойынша тоқталсақ, елімізде медиаторлар кәсіби және қоғамдық негізде болып екі түрге бөлінеді. Тәжірибеге сәйкес, ірі қалалар кәсіби медиацияның орталығына айналуда, ал ауылдарда қоғамдық медиация дамуда», - деді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Негізінен кәсіби медиация онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар: бұзақылық, ұрлық, алаяқтық, озбырлық, жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда болған жағдайларда қолданылады. Айыпталушы мен жәбірленуші арасындағы екі тарапты да қанағаттандыратын медиативтік келісім азаматты әрі қарай құқық қорғау органдарына беруді тоқтатуға негіз.

«Әрине, бұл қылмыскерге кешірім жасалу немесе жазадан құтылуына жол беру емес», - деп тоқталды депутат.

Негізгі өзгерістер:

1. Заң жобасы уәкілетті органның құзыретін айқындады.

Үкіметтің қаулысына сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі медиация саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Министрлік тарапынан нақты ұйымдастыру шаралар қажет.

2. Медиаторлар ұйымдарының негізгі функциялары айқындалып, медиатордың құқықтары мен міндеттері нақтыланды.

3. Медиация тәртібі мен тәсілдері кеңейтілді. Енді, онлайн-медиация жүргізуге болады.

4. Сот актісін орындау сатысында және әкімшілік сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері айқындалды.

5. Жария-құқықтық даулар бойынша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес медиативтік келісім жасау мүмкіндігі көзделіп отыр.

6. Заң жобасында алимент төлеу туралы келісімді – медиаторлар, адвокаттар, заң кеңесшілері толтыра алады. Қазір тек нотариус жүзеге асырады.

7. Аудан әкімдері қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді, осы институттың потенциалын толыққанды қолдануы қажет.

«Екінші блок - азаматтық іс жүргізу заңнамасы бойынша.

Біріншіден, «Үлгілі сот шешімі» институтын енгізу ұсынылады. Жоғары тұрған сотқа тараптардың келісімімен көптеген ұқсас және біртектес істердің бірін талап ету, қабылдау, бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша қарау және ол бойынша, үлгі болатын шешім шығару құқығы беріледі. Егер сот іс бойынша жағдайды басқаша деп санаса, басқа шешім қабылдайды. Үлгілі шешім тараптардың келісімімен ғана мүмкін болады. Бұл норма, әлемдік тәжірибе - сот практикасының біркелкілігін орнатуға мүмкіндіктерді береді», - деді сенатор.

Оның сөзіне қарағанда, құжат екі тараптың келісімімен экстерриториялық соттылықты таңдау құқығын береді. Ақпараттық жүйе істі бір соттың ішінде емес, мамандандыруды ескере отырып, автоматты түрде елдің сол уақытқа жүктемесі аз кез келген сотына қарауға жібереді, норма сыбайлас жемқорлық элементтерін де азайтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT